Defort DBG-151N Manuel d'utilisateur Page 19

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 36
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 18
19
KZ
KZ
Қайрау машинасы
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
1-суретті қараңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ
(2-сурет)
1. Ажыратқыш
2. Тіреу (оң жақ)
3. Қорғаныс қалқаншасы
4. Қорғаныс қалқаншасының тіреуіші
5. Бұранда
6. Тіреу (сол жақ)
ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Өртену, электр тогымен соғу жəне жарақаттар
алудан аулақ болу үшін электр аспабын осы
нұсқаманың ережелеріне сəйкес қолдану қажет. Со-
нымен бірге жеке берілген техника қауіпсіздігі бой-
ынша нұсқаманы оқып шығыңыз.
Жұмысқа кіріспес бұрын мынаған көз жеткізу
қажет:
- аспаптың электр қозғағышының қорек кернеуі
қорек желісінің кернеуіне сəйкес келеді;
- розетка жерлендіру контактілерімен
жабдық-
талған;
- розетка, ұзартқыш, қорек баусымы жəне олардың
ашалары дұрыс, электр оқшаулағыштың ақаулары
жоқ;
- қорғаныс қаптамалары мен қалқаншалары
бекітілген;
- аспаптың ажыратқышы «Сөндірілген» қалпында
тұр;
- машина верстакке нығыздалып бекітілген. Егер
верстак болаттан жасалған болса, машина мен
верстак арасына оларды оқшаулайтын жəне
олардың дірілін болдырмайтын төсеме қойған
дұрыс.
Ұзартқыштарды қолдану
ережелері
Машинаны ұзартқыш арқылы қосу қажеттілі
туған жағдайда розетка мен вилкасы жерлендіру
контактілерімен жабдықталған ұзартқышты
пайдаланыңыз.
Ұзартқыш сымдарының көлденең қималарының ау-
даны 1,5 мм
2
аз болмауы қажет.
Шамадан тыс ұзын ұзартқыштарды қолдануға кеңес
берілмейді.
Орамадағы ұзартқыштарды қолданған жағдайда
олар толық шешілген болуы қажет.
Қайрау дискілерін қолдану ережелері
Қайрау дискісінде көрсетілген айналымның
максимальді мүмкін болатын жылдамдығы
аспап шпинделі айналымының максмиальды
жылдамдығынан аз болмауы қажет.
Қайрау дискілерінің мөлшері машина
параметрлеріне сəйкес болуы қажет. Диск неме-
се
дисктің қондыру саңылауын қашап өңдеу үшін
үлкен диаметрлі өткелді қолдануға болмайды.
Дисклерді қондырмас бұрын ашаны розеткадан
суырыңыз.
Тіреу мен қайрау дискісі арасында 1-1,5 мм артық
саңылау қалдырмаңыз.
Егер қайрау дискісі зақымдалған немесе пішіні
өзгерген болса, еш жағдайда қолданбаңыз.
Тез арада оны ауыстырыңыз, себебі айналым
жылдамдығынан диск ұшып кетіп, қайғылы
жағдайға
əкелуі мүмкін.
Жұмыс процессі кезінде:
- қорғаныс көзілдірігін киіңіз;
- металлдарды өңдеу кезінде жалын ұшқындайды:
жұмыс орынында тезтұтанатын заттардың болуы-
на жол бермеңіз;
- жоғары ылғалдылық жағдайында жұмыс істеуге
болмайды;
- көп мөлшерде шаң пайда болған жағдайда ре-
спираторды қолданыңыз, жəне мүмкін болса,
шаңсорғыш жүйесін қолданыңыз;
- қорек баусымының қайрау дискінің маңында бо
-
луына жол бермеңіз;
- қайрау үшін қайрау дискінің үстін пайдаланыңыз,
бірақ еш жағдайда бүйіріне қайрамаңыз;
- жұмыс үзілісі кезінде машинаны қорек желісінен
ажыратыңыз;
- диск толық тоқтап, суығанша оған тимеңіз.
Мына жағдайларда станокты дереу сөндіру
қажет:
- қорек кабелі, ашасы немесе розетканың
ақаулығы;
- ажыратқыштың бұзылуы;
- түтін немесе жанған оқшаулағыштың иісі шыққан
жағдайда.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖƏНЕ
КҮТІМІ
Техникалық қызмет көрсетпес бұрын, маши-
наны қорек желісінен ажыратыңыз.
Жұмыс аяқталған сайын əр кез аспаптың кор-
пусын жəне желдеткіш саңылауларын шаң мен
ластан жұмсақ шүберекпен немесе майлықпен
тазартып отыру ұсынылады. Қатып қалған ла-
старды сабынды суға малынған жұмсақ матаның
көмегімен тазартуға кеңес беріледі.
Аспап қосымша майлауды қажет етпейді.
Ақаулықтар
пайда болған жағдайда SBM Group.
Сервис қызметіне хабарласыңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Сізге қажетсіз болған аспаптарды, бөлшектерді жəне
(немесе) қаптаманы екінші қайтара өңдеумен ай-
налысатын жақын маңдағы ұйымға өткізуіңізді
өтінеміз.
Vue de la page 18
1 2 ... 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 ... 35 36

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire